Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Шелек - Сарыбұлақ тас жолының 1-ші шақырымында 30 қыркүйекте сағат 13.10-да мотоцикл жүргізушісі "Ауди" көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Алматы облысының Іле ауданында Алматы - Астана тас жолының 77-ші шақырымында 30 қыркүйекте сағат 19.50-де белгісіз автокөлік әйелді қағып кетті, ол оқиға орнында қаза тапты.