Алматы облысында екі жол апатынан екі адам, соның ішінде алты жасар бала қаза тапты

Шамалғанда "ВАЗ-21213" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі 6 жасар қызды қағып кетті. Ол ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Ал Алматы-Бішкек тас жолының 22-ші шақырымында "Мазда" автокөлігінің жүргізушісі "Тойота" автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан "Мазданың" жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, "Тойотаның" жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті