Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тапты, бесеуі жараланды

Мәселен, Ұйғыр ауданында Алматы - Көкпек-Көктал тас жолының 18-ші шақырымында "Ауди-100" және "Мазда-626" автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан "Ауди" көлігінің бір жолаушысы қаза тапты. "Мазда" көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сол күні Қарасай ауданында Алматы - Жандосов тас жолының 18-ші шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан "ВАЗ-21099" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауыр жарақат алып оқиға орнында мерт болды, "ВМW" жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті