Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті



Мекеме ақпаратына сәйкес, 20-тамызда 22 сағатта Үшарал-Жайпақ тас жолының 16-шақырымында "Мазда" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылып, оның жолаушысы оқиға орнында мерт болды.

Сонымен бірге 20-тамызда Алматы облысының Шелек ауылында "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі "ПАЗ" автобусымен соғысып қалды. Жол апаты салдарынан "ВАЗ"- дың жүргізушісі ауруханаға жатқызылып, екі жолаушы оқиға орнында опат болды.