Еліміздегі жалғыз балалар спорты туризмінің ұйымдастырушылары - облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, «Жетісу» спорттық-туристік клубы мен «Жетісу экотурлары» қоғамдық қоры.
Биылғы жылы регатада 6 команда қатысуда, олар: Алматының «Тайфун» және «Кайман» топтары, Текелінің «Ирбис» тобы, Балпық бидің «Тритоны», Үштөбенің «Бірлік» және «Қаратал» топтары.
Қаратал өзенінің арнасы бұралаң, дегенмен, ұйымдастырушылар ағысы баяу учаскені таба алған сыңайлы. Өзеннің сол жағалауында орналасқан базалық лагерден кемелердің түр-түрінен сынақтық сайыстарды бақылап отыруға мүмкіндік бар.
Байдаркаларға, екі және төрт орындық катарамарандарға мінген жас туристер бірнеше күн бойы техникалық трассаларда спринт, слалом, «судағы көкпар», туристік көпсайыс бойынша құтқару жұмыстары сайыстарында бақтарын сынайды.
Регата бағдарламасында жағалау конкурстарына да бір бөлек орын берілді. Қатысушылар су туризмі туралы фотосайысқа қатысып, «Қаратал аруы-2010», туристер караокесі сынды сайыстарға қатыса алады, деп хабарлады туризм басқармасынан.