Алматы облысында ер адам әпкесін қорлаған тұрғынды бір соққымен өлтіріп алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер Іле аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Бақтыбай ауылының 31 жастағы тұрғыны қайтыс болғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйітте ұрып-соғу белгілері барын көрген.

"Оқиға орнына жеткен полицейлер Жәпек батыр ауылының 29 жастағы тұрғынын ұстады, ол туған әпкесін балағаттаған ер адамды жақ сүйегінен бір рет соққан. Ер адам сол жерде құлап, басын асфальтқа ұрған. Осыдан кейін күдікті ес-түссіз жатқан ер адамды үйге әкеліп, жедел жәрдем шақырған", - деді Іле аудандық Полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.