Алматы облысында ерекше акция басталды

бүгін басталған «Қазақстан, біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» акциясына қосылып отыр.

Департамент бастығы Гүлнәр Ермекбаева баспасөз мәслихатында хабарлағандай, Балаларды қорғау күні - жадыраған жаздың, балалардың демалыс айларының бастауы. Бұл атаулы мереке алғаш рет 1950 жылы әлемнің 51 елінде атап өтілген болатын. Бұл күн - балалардың ең тамаша мерекелерінің бірі ғана емес, сонымен қатар ересектердің есіне олардың балалар үшін жауапты екендігін еске салатын күн.

Балалар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері бүгін сондай-ақ Жауғашты колониясына барып, мерекелік шаралар ұйымдастырады. Онда ата-аналары жазаларын өтеп жатқан бүлдіршіндердің балалар үйі бар.