Алматы облысында Ілияс Жансүгіровтің туғанына 120 жыл толуына орай іс-шаралар басталды


Отырысты облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов ашып, І. Жансүгіровтей ұлы тұлғаларды уақыт та ұмыттыруға қауқарсыз деп атап өтті.

Филология ғылымдарының докторы, ЖМУ профессоры Мұратбек Иманғазиев өзінің «Ілияс-прозаик» атты баяндамасында І. Жансүгіровтің жазушылығына, оның прозаларына үлкен аналитика жүргізген.

«Ілияс және музыка» деп атапты өз баяндамасын ҚР Композиторлар одағының мүшесі Мэлс Керейбаев. Ол өз жұмысында Ілияс Жансүгіров поэзиясының музыкамен қалай тығыз байланыста дамып келе жатқанын көрсете білді.

Мэлс Керейбаевтың өзінде ақынның 120 жылдығына орай І. Жансүгіровтің 30 өлеңіне жазылған «Толқиды Ақсу» атты музыкалық туындыларының жинағы баспаға дайын тұр.