Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды

Алматы облысы полицейлері екі апта бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қызды тауып алды деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.



Қырғыз әйелі Қазақстанда жоғалып кеткен баласын 10 жылдан бері іздеп жүр 14 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы 3 наурыз күні Ескелді ауданы Байысов ауылы тұрғыны хабарлаған болатын. "Жоғалған оқушы қызды көрші Қаратал ауданынан таптық. Ол Үштөбе қаласындағы құрбысының үйінде қонақта болыпты, тұрған мекенжайын күнделікті ауыстырып отырса керек. Кеше ғана қызды аман-есен ата-анасның қолына табыстадық", — деп мәлімет берді полиция. Жетінші сынып оқушысы үйінен жиі кетіп қалады екен. Қызды тәрбиелеп отырған жалғыз басты анасы ғана.