Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қаратал ауданының Үштөбе қаласында 10-маусымда 20 сағатта кәріз жүйесінің насосты станциясында төрт жұмысшының мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қаза тапқан жұмысшылар жертөледе кәріз жүйесіне жөндеу және алдын алу шараларын жүргізіп жатқан.
Қаза тапқандардың денесін "Томирис" ЖШС-нің жұмысшылары жер бетіне шығарды. "Жұмысшылар метан газынан уланған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Қарағанды облысында Қызылжар темір жол бекетінде 10-маусымда сағат 10-да "Мусаев" ЖК автожанармай тарату станциясында екі адам қаза тапты. "Жанар-жағармай құйылған ыдыстағы жұмыстар кезінде 34 жастағы бекет қожайыны мен 29 жастағы жұмысшы жанар-жағармай буынан уланып қаза тапты",- дейді баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті