Айтуынша, әлгі келіншекті «өлді» деп ойлап, қорыққаннан тас жолдан аулақ жерге жасырмақ болған. Сөйтіп, көлігін бірден жөндеуге беріп, сырлатып үлгеріпті. Қазір басты айғақ айып тұрағында тұр. Нөмірі Қырғызстанда тіркелген екен. Оқиға 11-ші наурызда «Алтын орда» базарының маңында болған. 34 жастағы Нұргүл Тұрғынбаеваны жүйткіген «Хонда-Одиссей» қағып өтіп, іштен түскен екі жігіт оны сүйреп, шеткеріге апарып, тастап кеткен. Қансыраған келіншекті патрульдік полиция тауып, ауруханаға жеткізіпті. Қазір Нұргүлдің беті бері қарап, үйіне де шығарылған. Ал күдіктіге қатысты екі бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жанар Төлегенқызы, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:
- Ол өз кінәсін мойындады. Осы іс бойынша тегеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ер азамат Қарасай аудандық ІІБ бақылауға алынды.
Loading...