Алматы облысында ХҚКО-дан шыққан ер адам қайтыс болды

Алматы облысында ХҚКО-ға уақытша тіркеуге келген ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, оқиға Іле ауданындағы Өтеген Батыр ауылында шамамен сағат 15.00-де болған. Ер адам көшеде тұрған көлігіне отырғаннан кейін қайтыс болған делінеді.

Қазіргі уақытта полицейлер өлім дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.