Алматы облысында көкек ана 7 айлық нәрестесін жалғыз тастап кеткен

Қарасай ауданында жергілікті полицияға Іргелі ауылының тұрғыны пәтерді жалға алып, сол жерде сәбиін тастап кеткен азаматшаны табу жөніндегі өтінішімен барған.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу қызметі бала жылап, көршілердің назарын аудартқанын, сөйтіп, көршілер үй иесін шақыртып, бөлменің есігін сындырып кіріп 7 айлық қызды байқағанын анықтады.

«Белгілі болғандай, анасы тастап кеткен қыз 2015 жылдың мамырында дүниеге келген. Жедел-тергеу шаралары кезінде «көкек ана» табылып, ұсталды. Бұл 22 жастағы Іле ауданының тұрғыны болып шықты» - деді ІІД.

Полицейлер ҚР ҚК  119-бабы бойынша сот алдындағы тергеуді бастап кетті. Күдікті әйелден «келу туралы міндеттеме» алынды.  


«Тергеу уақытында сәби перзентханаға орналастырылды» - деді облыстық полицияда.