Алматы облысында көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "1-қазанда 20.20 "Тойота-Авалон" көлігінің жүргізушісі "Тойота-Камри" көлігімен соғылған.

"Жол көлік апатының салдарынан "Тойота-Камри" көлігінің жүргізушісі апат болған жерде көз жұмып, үш адам ауруханаға жеткізілді",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті