Алматы облысында көлік өтетін көпірді су шайып кетті (видео)

Алакөл аудандық баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір көпірді қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.

"Алакөл ауданы аумағындағы облыстық маңызды бар Қабанбай-Лепсі автомобиль жолындағы көпірді су шайып кетті. Оқиға 30 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болды. Таудан аққан өзен суының шамадан тыс көтерілуінен көпірдің бір жақ шетін шайып кетті", - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Қазіргі кезде "Алакөл жолдары" және "СПМ-306" мекмелерінен 6 техника жеткізіліп, қажетті мамандар жұмылдырылып, көпір қайта келтіріліп жатыр.


"Аталған көпірдің құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме "СМП-306" ЖШС мекемесі",- деп толықтырды аталған ведомствоның өкілдері.