ТЖМ мәліметтері бойынша, Алматы облысының Каменка ауылында 23 қаңтарда сағат 8.56 жер үйлердің бірінде "Фольксваген" көлігі өртенген. Өртті сөндіру кезінде көліктің ішінен бір адамның мәйіті табылды. Қаза болған адамның кім екені әзірге анықталмады.
Тілсіз жау ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 9.13. ауыздықталды. Оның жұмысына бірлік техника және жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды.