Алматы облысында көліктің мұз астына түсіп кетуі салдарынан төрт адам қаза болды

"Алматы облысында (Ақтоған кентінің маңы) 15 наурызда сағат 18.00 УАЗ-969 көлігі мұздың астына түсіп кетуі салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы суға батып кетті. 16 наурызда сағат 19.00-де судан құтқару қызметінің үш қызметкерінің күшімен адамдардың денелері табылып, судан шығарылды", - деп атап өтті ТЖМ.

Көлікті шығару жұмыстары жалғастырылуда.