Алматы облысында көмір тиеген вагон шойын жолдан шығып кетті

Министрлік ақпаратына сәйкес, 11 қазанда Алматы облысында Жалаңашкөл темір жол станциясында 9 сағатта маневрлік жұмыстарды жүргізген кезде көмір тиелген екі тележкасы бар вагон шойын жолдан шығып кетті. "Сағат 9 бен 12.35 аралығында екі бағытта да қозғалыс мүлдем тоқтататылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ", - деп түсіндіреді мекемедегілер.

Министрлік мәліметінше, 12 сағат 45 минутта вагон көтеріліп, 12 сағат 50 минутта апаттық қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, екі бағыттағы қозғалыс жандандырылды. "Апаттың зардаптарын жоюға Достық темір жол станциясының қалпына келтіруші поезы жұмылдырылды", -деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті