Алматы облысында күдікті полиция машинасында өзіне қол салды

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Алматының Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.

«Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Тойота» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталуда», - деп хабарлады ведомстводан.