Алматы облысында күйеуін оқтаумен ұрып өлтірген әйел ұсталды

Облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, қайғылы оқиға сейсенбі күні ішімдік ішу барысында болған.

64 жастағы азамат бас сүйегі мен миының зақымдануынан көз жұмған көрінеді. Психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған әйелі оны оқтаумен сабапты.
Қазір әйел тұтқындалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.