Алматы облысында курстасын өлтірген студент 9 жылға сотталды

Іс материалдарын сәйкес, екі студент арасында болған жанжал төбелеске ұласып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Зардап шегуші алған жарақат салдарынан есін жимаған күйі ауруханада көз жұмды.

Сот үкімі бойынша, сотталушы ҚР ҚК 99-бабына сәйкес айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.