Алматы облысында күші 4,5 баллдық жер сілкінісі орын алды


Қазақстандық сейсмологтардың ақпарынша, жер сілкінісі Алматы облысы аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 271 шақырымда сағат 08.55-те тіркелген. Жер сілкінісінің магнитудасы  – 4,5.
Еске салсақ, осы ауданда (Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 276 км) 08.53-те магнитудасы 4,6 баллдық жер сілкінісі болған еді.   
Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.