Алматы облысында мейрамханада оқ атқан адам ұсталды


 «Жеке тұлғасы бірден анықталған күдіктіні ұстауға Ескелді АІІД, қылмыстық іздестіру қызметкерлері және арнайы жасақ аттанды. Осы қимылдар нәтижесінде қолға түскен 1990 жылы туылған азамат қолға түсіп, тергеліп жатыр», - деп хабарлайды полицейлер. Осыған байланысты ҚР ҚК «Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға барысында мейрамханада кездескен екі қонақтың кикілжіңі төбелеске ұласып, артынша бұзақы травматикалық тапаншадан оқ атқан.  «Тойға келген өзге жұрттан ешбір адам зардап шеккен жоқ» - деп атап көрсетті полиция.