Алматы облысында мектеп директоры пара алғаны үшін 5 миллион теңге айыппұл төлейді


Соттың мәліметінше, мектеп директоры А.Ж. есімді азаматшадан оны жұмысқа тұрғызу үшін 100 мың теңге көлемінде ақша алған.

"Мектеп директорына 5 000 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды", - делінген хабарламада.