Алматы облысында мектептің төбесі опырылып түсті

Лепсі елді-мекеніндегі мектепте болған апатты оқушылар ұялы телефонға түсіріп алып ғаламторға таратқан. Спорт залының төбесі үңірейіп тұр. Ал төбеден түскен керамзит мен бетон қалдықтары тау боп үйіліп жатыр. 9-шы сынып оқушылары осы үйіндінің астында қалып қоя жаздаған. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қирай бастаған төбенің дыбысын дер кезінде естіп, балаларды далаға шығарыпты. Ескі спорзалдың плиталары бұрыннан-ақ ілініп тұрған екен. Бірақ мектеп басшылығы оны жөндеуге асықпай, бетон ақыры құлап тынды.

Loading...