Алматы облысында мемлекеттік сот орындаушысы 3 жылға сотталды

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, жылжымайтын мүлікке салынған тыйымды жылдам (аз уақытта) алу  үшін Р.Дәрімбаев Есік қаласының тұрғынынан 125 000 теңге  пара алған.

Ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымды орындардан шеттетілді. 

Үкім заңды күшіне енбеді.