Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, бетперде киген қылмыскерлер
"Нар-Ойл" компаниясының автокөлігін Алматы-Өскемен тас жолының 151-шақырымында тоқтатқан. Қару көрсетіп қорқытқан үш қылмыскер компания қызметкерлерінен 8,7 млн. теңгені тартып алып, іздерін жасырып үлгереді.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті