Алматы облысында нөсер жауын жауып, тасқын жүруі ықтимал

Синоптиктердің жұмадағы ақпарына қарағанда, «Алдағы үш тәулікте (2-4-шілде) нөсер жауынға байланысты Алматы облысындағы таулы өзендерде тасқын жүру қаупі бар».

Сонымен қатар, Алматы облысындағы тау баурайында топырақтың шектен тыс ылғалдануына байланысты жер-жерде сел жүруі ықтимал.