Caravan Logo

Алматы облысында ойыншық тапаншамен жасалған қарақшылық бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында ойыншық тапаншамен жасалған қарақшылық бойынша қылмыстық іс қозғалды

Баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет хабарлағандай, Іле ауданында «Рассвет» саяжай массивінде орналасқан дүңгіршекке ойыншық тапаншамен шабуыл жасаған екі жасөспірімге қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатыр.

Оның айтуынша, 7-ші мамырдан 8-ші мамырға қараған түні беттеріне маска киген екі азамат дүңгіршекке шабуыл жасап, Т10 мың ақшаны, жалпы сомасы Т125 мыңдық арақ-шарапты иеленіп кеткен.

«Оқиғаның ізін суытпай полицейлер Іле және Талғар ауданының екі азаматын қолға түсіріп, олардан ұрланған тауарлар мен ойыншық тапанша тәркіледі», - деді К. Нұрахмет.

Күдіктілер жергілікті АІІБ абақтысына жатқызылды.