Алматы облысында омарташылар қауымдастығы құрылды

Ауданға қарасты Қоғалы елді мекенінің ауа райы омарташылық үшін қолайлы. Кеңес Одағы кезінде осында ара шаруашылығы базасы болған. Соны қайта жаңғырту - қауымдастықтың алдындағы басты міндеттердің бірі.

«Өңірде бал өнімінің өтімі жоқ. Енді қауымдастық құрылмақшы. Соның арқасында бал сататын жеке дүкен ашылады. Балды келісілген бағамен сататын боламыз», - дейді омарташы Николай Дегтярев.