–Жаңа оқу жылының басталуына Қоянқұс ауылының оқушылары асыққанымен, оқу ордасы толықтай дайын болмай тұр. Небәрі 2005 жылы тұрғызылған мектептің қабырғаларына сызат түсіп, жөндеу жұмыстарынан соң да сылағы құлаған. Тіпті әктеп-сырлау жұмыстарын жүргізген адамдар қолдары жеткен тұстарды ғана жаңартқанға ұқсайды.
Мектептің сыртқы келбетіне қарап ғимарат осыдан 10 жыл бұрын тұрғызылғанына сену қиын. Жыл өтпей-ақ қабырға бойында сызаттар пайда болыпты. Ал көктемде прокурорлар тексеріс жүргізіп, ғимаратты тіптен апатты деп тапқан. Сондықтан мұнда балалардың оқуы қауіпті деген шешім шыққан екен. Бірақ қоянқұстық балабалдың басқа баратын мектебі жоқ.
–Қанша балаға арнап салынған мектеп бұл?
- 240.
-Қазір қанша бала оқып жатыр?
- 600. 0-сыныпты есесептесек, одан асып кетеді.
Оқу күніне мектепті дайындауға ұстаздардың өздері атсалысып, қолдарынан келгенше жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бірақ мұғалім, құрылысшы емес. Сондықтан есіктің жақтаулары, едендегі тесіктер мен қабырғалардағы сызаттар жойылмаған. Дегенмен мектеп басшылығының алдағы жоспарлары оптимизмге толы.
Гүл Құлыбаева, №1 Қоянқұс орта мектебінің директоры:
– Жақында ғана әкім орынбасары шақыртқан сол бойынша. Шешім шығарды. Соған сай жаңа 300 орындық мектеп салынады. Ол жобады бар.Бірақ 2016-да.
Іле ауданының Комсомол ауылындағы мына мектептің жағдайы да мәз емес. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында тұрғызылған ғимаратта қазір 450 оқушы білім алуда. Кіре берістегі баспалдақ, маңдайшадағы тақтайша мен бүлдіршіндер отырған парталар да сол заманнан бері жаңартылмағаны көрініп тұр. Ал апатты деп танылу себебін директор былайша түсіндірді.
Нұрлан Құлмұханбетов, №31 орта мектеп директоры:
– «Апатты» деп бекерге таныған жоқ.Кезінде жаңа мектеп салу керек еді. Бір себеп ойлау керек болған ғой. Ал мектеп оқуға жарамды.
Директор айтқандай, сол сылтаумен құрылысы басталған жана мектеп әлі бір жылсыз дайын болмайды. Ал оқушыларды басқа мектепке ауыстыру мүмкін болмағандықтан ұстаздар спорт залдың орнына сыныптарды жасап, оқу жұмысын жалғастыруда. Жаңа мектеп салынып біткенше, 3 ауысыммен оқып келе жатқан 450 бала тозығы жеткен мектепте білімдерін жалғастыруға мәжбүр.