«Өздеріңізге белгілі, «Білім туралы» заңға өзгерістер меп толықтырулар енгізіліп, орта білім беру ұйымдарына сынып жетекшілігі, педагогикалық əдеп қағидасы, психологиялық көмек қағидасы, мектеп формасын енгізу дер кезінде жəне маңызды шара болып, алғаш рет заңнамамен қолданысқа енгізілді. Осы орайда, облыс əкімдігі тарапынан жаңартылған заң талаптары бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жан жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазір білім сапасын арттыруға жол ашатын Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасы талқыланып, кең қолдауға ие болды. Оның ішінде оқушыларды тегін тамақпен 100 пайыз қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы облысымызда 2 млрд 300 млн теңге қаражат бөлінсе, биыл 3 млрд теңге қаражат бөлініп отыр», - деді облыс əкімінің орынбасары.