Алматы облысында оқушының өліміне айыпты жасөспірімдер сотталды

Тергеу ісі бойынша, 2015 жылы 18 қарашада Талғар мектебінің екі оқушысы төбелескен. Іс бойынша параллель сынып оқушысы негізгі күдікті болған, ол Шахзат Махаметовты құрсақ өрімінен ұрып, салдарынан оқушының көкбауыры жарылып кеткен, жерге құлаған кезде, мойын омыртқасы мен бас сүйегі сынған.    

"2017 жылы 21 шілдеде Алматы облысы №2 мамандандырылған ауданаралық ювеналды сотында үш жасөспірімге қатысты үкім шығарылды. Олардың екеуі ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі (Арандатушылық), 106-бабы 2-бөлігі 5,11-пункті (Қасақана денсаулығына ауыр зиян тигізу) бойынша айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандықтарынан айырылды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тағы бір жасөспірім ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.