ТЖМ ақпараты бойынша, Алматы облысының Шелек ауылды аймағында 23 сәуірде 23 сағат 05 минутта жай үйде шыққан өртті сөндіру кезінде үш адамның денесі табылды. Баспасөз қызметі хабарлағанындай өрт көзі ҚР ТЖМ күшімен 24 сәуірде сағат 04.00 ауыздықталды. Бұл жұмыстарға жеке құрамның 6 қызметкері және 2 бірлік техника жұмылдырылды.