Алматы облысында Өзбекстан азаматтары теңгені қолдан жасап келген

Көрші елден келген екі жігіт бір үйді баспаханаға айналдырып, ақшаны кәдімгі түрлі-түсті принтермен басып шығара беріпті. Осы қулығын іске асыру үшін екі ай бойы дайындалған. Үйлерін тексеру барысында екі принтер мен жарты миллион теңгедей жалған ақша табылды. Сапасы төмен 2 мыңдық банкноттарды шетелдік пысықайлар көбіне базарлар мен кішігірім дүкендерге өткізіп отырған.  

Loading...