Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 27 желтоқсанда 00 сағат 15 минутта Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы-Отырар темір жол учаскесінде электровоз машинисі шойын жолдың 33 мм-лік бөлігі үзілгенін тауып алды.
"Поездардың қозғалысы бір жарым сағатқа тоқтатылды. 01 сағат 45 минутта поездардың қозғалысы жылдамдықты шектеу арқылы қайта жандандырылды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.