Бұл туралы Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Сарыөзек ауылында жергілікті полицейге ауыл үйлерінің бірінде орын алған отбасылық жанжал жайлы ақпарат келіп түскен.
Мән-жайды анықтау үшін көрсетілген жерге жергілікті учаскелік инспектормен бірге полицей жасағы келеді. Полиция жанжалдың отағасы үйіне мас болып келгендіктен орын алғандығын анықтайды. Алайда полицей келгенше ерлі-зайыптылар татуласып үлгерген.
Полицейлердің айтуынша, спирттік ішімдікті ішпеуге қатысты әңгімелесу барысында ашуға булыққан әйел полицейдің көзіне газ бүркіп жіберген.
Офицердің екі көзін химиялық күйік шалған. Қажетті көмек көрсетілгеннен кейін ол амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.
Күдікті әйелге қатысты ҚР ҚК 379-бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Оның санкциясына ірі көлемдегі айыппұлды және 45 тәулікке дейін тұтқындау не екі жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы жатады», - деп атап өтті олыстық полициядан.