Алматы облысында полицейлер мінген көлік апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты

-ППС-тың машинесі дабыл белгісін қоспай, қарсы бетке шықты да соғып кетті ағасы! Біз осы жерде тұрдық!

Арнайы көлікпен соғысқан жеңіл машинадағы үш адам да қаза тапты. Олардың бірі – учаскелік инспектор. Мереке алдында көшелерді тексеруге шыққан полицейлер де үш адам болған. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары қарсы беттегі жолға шығып, «Аудиді» оңбай қағыпты. Бірақ, төрт тәуліктен кейін куәгерлер сөздерінен тайқып шыға келген. Ащы судан аздап сілтеген жігіттер енді полицейлер кінәлі болмаған дегенді алға тартуда. Ал қаза тапқан полицей Жандос Берікұлы небәрі 24 жаста болған. Учаскелік инспектор қызметіне жаңадан кіріскен беті екен.

Дарын Арыстанбеков, Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Куәгерлер болған оқиға туралы анықтама беріп жатқанда удай мас болған. және болған оқиғаны өз көзімен көрмеген. Жол апаты туралы сол арадағы кісілерден естіп білген. Бұл жайлы жалған куәгерлердің өздері біздерге айтып мойындады.

Loading...