Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарқанд аудандық ІІО-на Алмалы ауылындағы "Қазпошта" бөлімшесінің меңгерушісінің үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен. "Әйел адам оның үйіне бетперде киген 4 жігіт шабуыл жасап, оның күйеуі мен екі баласын байлап-матап, ұрып-соғып, 9 млн 983 мың теңгені алып кеткенін айтқан. Бұл ақша ауыл тұрғындарының шілде айындағы зейнетақыларын төлеуге арналған болатын", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Полиция қызметкерлері бірнеше күннің ішінде екі күдіктіні қолға түсірген. ІІО қызметкерлерінің пайымдауынша, олар осы шабуылға қатысқан.
Қазіргі уақытта күдікті үшеу де тұтқындалған. Қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізілуде.