Үшарал қаласында белгісіз ер адам Алакөл АІІБ патрульдік тобына қарсылық көрсетіп, суық қару қолданған.
Полиция ізін суытпай күдіктіні ұстап, қамауға алды.
«Хонда Одиссей» көлігі жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында көлікте мас күйінде отырған жолаушылардың бірі полиция қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасаған. Жарақат алған екі полиция қызметкері Үшаралдың ауруханасына жеткізілді. Екеуінің де жағдайы қалыпты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 321-бабаы «Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану»). Күдікті Алакөл АІІБ қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.