Алматы облысында полигонда "Қазқұтқару-2014" құтқарушыларының жарысы басталды

Республика ТЖМ ақпаратына қарағанда, "Қазқұтқару-2014" шеңберінде ҰҚКҰ қатысушы елдердің құтқарушы бөлімшелерінің бірлескен жаттығуы өтпек. Жарысты салтанатты ашу рәсіміне Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының бас хатшысы Владимир Кувшинов, ҰҚКҰ бас хатшысының орынбасары Хайбулло Латыпов, Қырғызстан ТЖ министрі Қубатбек Боронов, Қытай азаматтық әкімшілік министрінің орынбасары Ли Цзян, БҰҰ, Еуроодақ, Германия, Франция, РФ бақылаушылары қатысты.

"Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізудегі біліктілікті шыңдау мақсатында жүргізіліп отырған жиын-семинарға ТЖМ бөлімшелері және құтқарушылардың қазақстандық командаларымен қатар Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Беларусия, ҚХР және Тәжікстанның шетелдік командалары қатысады", делінген онда.