Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
9 маусымда жауын-шашын және бұршақ түрінде жауған жаңбыр салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін "Жетісу Алатау" жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде, құрғақ сайда секундына 70.0 куб метр шығынмен сел жүрген.
"Нәтижесінде, Сарыөзек-Көктал жолының 171 шақырымында, Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, автожол көпірінде ені 700-800 метр болатын жол жүру бөлігіне су ақты, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.