Алматы облысында қолдан жасалған ішімдік дүкендерде сатылған


Танымал маркалы ішімдіктерді қолдан жасайтын цехтың өзін Алматы іргесіндегі Трудовик кентінде ашқан екен. Алкоголь өнімдері санитарлық талап атаулыға мүлдем сай келмейтін аядай ғана бөлмеде жасалыпты. Әрі жергілікті балаларды жұмысқа жегіп қойған. Мұнда арақ пен коньяктан өзге қымбат бағалы вискидің де жасанды түрі шығарылған. Қаржы полицейлері саудаға шығаруға дайындалып қойған мың бөтелкедей ішімдікті, мөп мөлшердегі спирт, шыны ыдыстар мен жасанды акциздік маркаларды тәркіледі.