Алматы облысында қуаты 5 балл, Алматыда 2-3 балл жер сілкінісі болды

ҚР білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметіне сәйкес, 13-қазанда Астана уақытымен 6 сағат 42 минутта Алматы облысының аумағында (Қаратаудың оң жақ бөктері, Нарынқол ауданында) энергетикалық классы 13-ке тең жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстіке-шығыс бағытта 250 шақырымда тіркелген.

Сілкініс ошағында 5 балл , Алматыда 2-3 балл шамасында жер асты дүмпуі сезілді. Құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет келіп түскен жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті