Алматы облысында "Таблиғи Жамааттың" екі мүшесі қамауға алынды


Сәрсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, оларға қатысты 337-1 баптың 2 тармағы бойынша "Қызметіне тыйым салу туралы заңды шешім күшіне енген қоғамдық немесе діни бірлестіктің қызметіне қатысу" қылмыстық іс қозғалды.

"Олардың бұл ұйымның қызметіне қатысқандары тергеу материалдарында расталған".

Прокуратурадан еске салып өткендей, "Таблиғи Жамаат" ("Джамаат аль-Таблиги", "Джамаат-е-таблиг", "Джамаат-Таблиги", "Джамаат Таблиг", "Давуат") діни ұйымы Қазақстанда экстремистік деп танылған, республика аумағында оның қызметіне 2013 жылы 26-ақпан күнгі Астананың Сарыарқа аудандық сотының шешіміне орай тыйым салынған. Бұл сот шешімінің күші бар және ол елдің бүкіл аумағына қатысты шешім.