Алматы облысында Қырғызстан азаматынан 10 кило героин тәркіленді

Полиция мәліметіне сәйкес, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Бішкек-Алматы тас жолының 33-ші шақырымында Қырғызстаннның Ыстық Көл облысы Ақсу ауданының 42 жастағы тұрғыны айдаған "Мерседес-250" автокөлігі ұсталды. Автокөлік салонына тінту жүргізген кезде көліктің артқы есігінің қаптауының артынан 1 килодан оралған 5 кило героин табылды. Тәркіленген героиннің жалпы салмағы 10 килоны құрады.

Қазір Алматы облыстық ІІББ тергеу шараларын жүргізуде.