Алматы облысында РФ аумағында адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, Ресейдің 52 жастағы тұрғыны 2004 жылдың ақпан айында Хабаров өлкесінде адам өлтіген.

Қазіргі таңда ол Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жабылды. Енді оны Ресей полициясының қолына тапсыру мәселесі қаралып жатыр.