Алматы облысында "Рубеж" бекеттері күшейтілді

"Есірткі саудасымен күрес бөлімшелері, жол полициясы, көші қон полициясы мен иісшіл иттерді дайындау жөніндегі біріккен питомниктің күшімен "Рубеж" жүйесіне кіретін "Үлкен", "Ростов", "Луга, "Үшарал" бекеттердің жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге есірткі тасымалдау арналарын жабу үшін Алматы-Өскемен тас жолының бойында "Еркін", Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 153-шақырымында "Көкпек", Қырғызстанмен шекарада "Қарқара" посттары құрылды.

Заңсыз есірткі айналымымен шұғылданатын адамдарды анықтауға бағытталып қыркүйектің 22 мен 30 -ы аралығында өткізілетін шұғыл-профилактикалық жұмыстардың барысында жастар көңіл көтеретін орындарда тексерулер жүргізілуде. "Қазіргі жағдаймен 53 көңіл көтеру орны тексерілді",- дейді баспасөз қызметі.

"Жалпы шараға ішкі істер органдарының 323 қызметкері мен 47 көлігі тартылған. Шараның барысын қадағалау үшін жұмыс штабы құрылды".

Шара басталғаннан бергі үш күнде Алматы облыстық тәртіп сақшылары есірткі айналымына қатысты 12 қылмыстың бетін ашып, есірткі сатуға бағытталған 5 әрекетке тосқауыл қойып, 8,2 грамм героин тәркіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті