Алматы облысында сәби сатпақ болған бес адамның соты өтіп жатыр

Сот алдында отырған бес адамның бірі дәрігер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қарасай аудандық орталық ауруханасында бала сатпақ болған дәрігер мен тазалық қызметшісі, сәбидің анасы мен әжесі, сондай-ақ сатып алушы ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінің 1-інші және 12-тармақтары бойынша («Кәмелетке толмағандар саудасы») айыпталуда. Алғашқы сот процесі жабық режімде өтті. Келесі сот отырысы 9 қарашаға белгіленді.