Сайлау комиссиясының хабарламауынша, 325 сайлаушыдан 322 депутат сайлауға келген, үшеуі белгілі себептерге байланысты қатыспады.
Сенат депутаттығына үміткер Аңсар Мұсаханов сайлаушылардың 285 дауысын жинады. Алик Темірбаевқа 36 дауыс берілді. Сайлау барысында 1 бюллетень ғана бүлінген.
«Мен өз дауысымды Аңсар Тұрсынханұлына бердім. Ол өмір бойы Алматы облысының игілігіне қызмет етті. Меніңше, елдің жоғары заңнамалық органында нақ осындай адамдар болуы керек», - деді Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Мамила Мұсабекова.